ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН ЖАС – БОЛАШАҒЫН НҰРЛЫ ЕТЕДІ

188 Views
ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН ЖАС – БОЛАШАҒЫН НҰРЛЫ ЕТЕДІ
🔰Біз – Қазақстанды мекен еткен түрлі этностардың жастары, тамырымыз бөлек болса да, тағдырымыз ортақ. Әрқайсымыз үшін қасиетті ұғымдар бар: ол – еліміз бен тіліміз.
🔷Қазақстан – көпэтносты мемлекет. Мұнда жүздеген этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетуде. Біз осы елдің тыныштығы мен бейбіт өмірін қадірлейміз, өйткені Отан – барлығымызға ортақ құндылық. Елін сүйген жас қана өз болашағына да, мемлекетінің болашағына да адал қызмет ете алады.
🔷Тіл – халықтың жаны, рухы. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі біздің ортақ қарым-қатынасымыздың, бірлігіміздің негізі. Біз қазақ тілін құрметтейміз, үйренеміз және болашағымыздың тілі ретінде дәріптейміз. Тілді білу – тек білім ғана емес, ол – Отанға деген сүйіспеншіліктің айқын белгісі.
🔷Этнос жастары үшін ел мен тілге деген құрмет – жүректен шығатын сезім. Біз еліміздің дамуына үлес қосуға, татулықты сақтауға және мемлекеттік тілді дәріптеуге әрқашан дайынбыз.
🔷Елімізді сүю – жерімізді қорғау, бейбітшілікті сақтау, ел бірлігін нығайту. Тілімізді сүю – ұлттық рухты көтеру, болашағымызды жарқын ету. Біз, этнос жастары, Қазақстанды ортақ үйіміз деп білеміз және елімізді, тілімізді шексіз сүйеміз.
🖍️Аяна Ким, Жамбыл облыстық «Алтын шаңырақ» студенттік Ассамблеясының төрағасы, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшесі✅

Поделиться ссылкой: