Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Спорт күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада аудан абыройын байрақты додаларда асқақтатып жүрген спортшылар марапатталды дедік қой. Оларды да бөлек жазғанымыз дұрыс деп ойлаймыз. Мерекелік іс-шарада марапатталған спортшылардың бірі – Бейбарыс Ерғали болса, екіншісі – Бекжан Жамашбек. Спорт күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада аудан абыройын байрақты додаларда асқақтатып жүрген спортшылар марапатталды дедік қой. Оларды да бөлек жазғанымыз дұрыс деп ойлаймыз. Мерекелік іс-шарада марапатталған спортшылардың бірі – Бейбарыс Ерғали болса, екіншісі – Бекжан Жамашбек. Жалпы біздің ауданда еркін күрес спорты жақсы жолға қойылған. Білікті жаттықтырушылар да бар. Ислам Байрамуков, Ақжүрек Таңатаров секілді Олимпиада ойындарының жүлдегерлері осы ауданнан шыққанын жақсы білесіздер. Әлішер Ерғали бауырымыз да бір емес, екі Олимпиадаға қатысты. Қазір Айтанов Нұрданат деген жас балуанымыз жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Одан кейін де еркін күреспен айналысып, көңілге қонымды көрсеткіштер көрсетіп жүрген жасөспірім спортшылар жетерлік. Солардың қатарында осы біз атаған екі спортшы жігіттер де бар.
Бейбарыс Ерғали еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Вьетнам мемлекетінде өткен Азия чемпионатында 92 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, жүлделі үшінші орынға ие болды. Бейбарыс алғашқы айналымда үнді балуанынан жеңілгенімен, оны жеңген балуан финалға жолдама алғандықтан, оған жұбаныш белдесуге қатысуға мүмкіндік туды. Жұбаныш белдесуінде түркіменстандық балуанды ұтып, қола медаль үшін өзбек жігітімен белдескен екен. Вьетнам бозкілемінде өзбек балуанын да ұтып, Бейбарыс Ерғали қола медаль еншілеп, елге оралды. Бейбарыс осымен екінші мәрте жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болып отыр.
Ал Бекжан Жамашбек жуырда Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында қола медаль иеленді. 38 келі салмақ дәрежесінде белдескен Бекжан Бішкек шаһарында алғашқы айналымда Монғолия мемлекетінің балуан жігітін жеңгенімен, екінші айналымда қырғыз балуанына есе жіберген екен. Бекжан қола медаль үшін болған айқаста үндістандық балуанды жеңіп, бұл жарыстан қола медальмен туған жерге оралып отыр. Бұл екі жігіт те ауданымыздағы № 25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Бейбарыс Ерғалиға еркін күрестің қыр-сырын үйреткен білікті бапкер Асхат Телекеев болса, Бекжан Жамашбектің жаттықтырушысы Қуаныш Тұлымшақов екенін айта өткеніміз абзал. Бұл бапкерлердің алдағы уақытта да талай чемпиондарды тәрбиелеп шығаратынына біз сенеміз.
Айта кетейік, еркін күрестен балуандарымыз жарап тұр. Сөз басында атап өткен Нұрданат Айтанов та осыдан бірер ай бұрын 20 жасқа дейінгі жастар арасында Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алған болатын. Нұрданатты да еркін күреске баулыған алғашқы бапкері – Асхат Телекеев екенін айтқанымыз жөн.
Марат Жолдасбекұлы.