23 маусым – Қазақстан полициясы күні
36 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол кәмелетке толмаған Д.-ны тəн ауруына ұшыратқан. Бірақ денсаулыққа жеңіл, зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу əрекеттерін жасаған.
2025 жылдың 24 сәуірінде Құлан ауылы, Исмаилов көшесінің бойында сотталушы Т. кәмелет жасына толмаған Д.-ны өзінің немересі Н.-ға тиіскені үшін деп болмашы нәрсені сылтауратып, соңғыға қасақана өзінің қолдарымен оның білек тұсынан ұстап тұрып, бет тұсынан шапалақпен және жұдырықпен бірнеше рет ұрып соққан. Осылайша соңғыға тəн ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу əрекеттерін жасаған.
Нәтижесінде сотталушы Т. өз кінәсін жартылай мойындады, ал жәбірленуші Д.-ның заңды өкілі А. сотталушыны кешірмейтінін айтты.
Сот Т.-ны кінәлі деп танып, оған 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 393 200 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген.
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі.