Конституция – ел дамуының арқауы

143 Views

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданды. Конституцияда бастық құндылық адам, оның өмірінің құқықтары мен бостандықтары және мемлекетіміз демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік ел екендігін тайға таңба басқандай айтылған.Ата заңның негізгі қағидаттары: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, соның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына тегіне, нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан немесе кез келген өзге мән жайлар бойынша құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік беріледі.
Қазақстан жерінде тұратындардың барлығы еліміздің негізгі заңын құрметтеуге және сақтауға тиіс. Қазақстанның әрбір тұрғыны әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және өзінің болашағына сенімді болуға тиіс. Қоғам мен мемлекет дамуының базалық қағидаттары, адамның, азаматтың және мемлекеттік билік субъектісінің кепілдіктері, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекітілген. Оларды сапалы әрі тиімді іске асыру мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Өйткені ол – даму мен тұрақтылыққа, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

М.Маратбек,
Т.Рысқұлов ауданаралық
мәжбүрлеп орындату аумақтық
бөлімі филиалының
сот орындаушысы.

Поделиться ссылкой: