Су имаратына тазарту қондырғысы орнатылуда

30 Views

Айта кету керек,  бұл жұмыстар облыс басшылығының тікелей қолдауымен жүзеге асырылуда. Жарлысудағы су мәселесін реттеу үшін  осы күнге дейін аудандық әкімдік тарапынан қыруар тірлік атқарылды. Қосымша  зерттеу және зерделеу жұмыстары жүргізіліп, демеушілер  есебінен  барлау ұңғымасының ішін тазарту және су көлемін анықтау жұмыстары орындалды.

Қосымша бірнеше ұңғымалар қазылып, су мөлшері молайтылды. Дегенмен   жарлысулықтардың су  сапасына қатысты наразылықтары толастаған жоқ. Халық үніне құлақ асқан жергілікті билік өтініш аясында нақты жұмыстар жасап, сараптама орталықтарының көмегіне  жүгінді. Қорытындыда суды пайдалануға болатындығы анық көрсетілді.

Алайда мәселені түбегейлі  шешу үшін аудандық әкімдік облыс басшылығымен бірлесіп, суды тазартуға арналған мембраналық қондырғысын орнату  идеясын қолға алып, облыстық бюджеттен 43,8 миллион  теңге қаржы қарастырылды. Бүгінде бұл ілкімді істі  мердігер компания өкілдері жүргізуде.

Жәнібек Базылбек. 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий