Тазалық акциясына қатысып, бірқатар нысандарды аралады

90 Views

Құланда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған орай, сенбі күні аудан аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Көріктендіру және абаттандыру жұмыстары аясында аудан орталығындағы саябақтар толық тазартылып, тал-дарақтар сырланып, 12 шақырым арық-атыздар мен 53 шақырымды құрайтын көше бойы қоқыстан тазартылды. Бұл шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов те қатысты. Сонымен қатар аудан басшысы бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалардың жұмысын зерделеп шықты.

Атап айтар болсақ,  Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын алқабында асфальтталған 7 көше, 80 пәтерлік тұрғын үй ауласын абаттандыру жұмыстары, И. Панфилов көшесіндегі  көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын асфальттау және жыл соңына дейін кезекте тұрған азаматтарға берілетін 120 пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысы, сондай-ақ, Жарлысу ауылындағы ауыз су имаратына орнатылып жатқан су сүзгісінің монтаж жұмыстары пысықталды.

Аудан әкімі жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы өз уақытында әрі сапалы орындалу керектігін алға тартты.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: