Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері аудан әкімдігінде өткен кеңесте талқыланды.
Жиынға аудан әкімі Ернар Есіркепов төрағалық етіп, аудандық мәслихат, қоғамдық кеңес, ардагерлер мен аналар кеңестері, сондай-ақ, білім бөлімі, полиция және прокуратура өкілдері қатысты.
Кеңес барысында жасөспірімдердің құқықбұзушылыққа бару себептері, педагогтардың кәсіби этикасы мен оқу орындарындағы қауіпсіздік мәселелері сөз болды.
Шара соңында аудан басшысы бұл іске бүкіл қоғам болып атсалысу қажеттігін атап өтіп, тиісті мекемелерге және қоғамдық ұйымдарға бірлескен іс-шараларды күшейтуді тапсырды.
Ақжарқын Мұратбекқызы.