Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
11 қыркүйек күні шахматтан аудандық олимпиада өтті. Бұл жарысқа 60-қа жуық оқушы қатысты. Қорағаты орта мектебінен осы додаға үш оқушы қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Солардың ішінде ерекше көзге түскен оқушы – Айшуақ Жорабек десек болады.
Айшуақ 9-11 сынып оқушылары арасындағы бәсекеде үздік өнер көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді. Сөйтіп ол облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық жарыста да Айшуақ жақсы ойын өрнегін көрсетіп, тағы да жүлделі II орынды жеңіп алды. Осылайша ол мектебінің және ауданның да мерейін үстем еткен жайы бар. Айшуақтың бұл жетістігі – оның өз еңбегінің, табандылығының, сондай-ақ, шахмат жетекшісі Ниязбек Қайыповтың бағыт-бағдарының жемісі.
Өз тілшіміз.