Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ
26 ViewsЕл Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Сондай-ақ, елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып…
Мемлекет басшысының №826 Жарлығына сәйкес, кеше аудан әкімі Ернар Есіркепов Өрнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы аудан аумағында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды жіпке тізіп айтып берді. Оның ішінде құрылыс саласы және инвестиция тарту мәселесіне айрықша тоқталды.
Рас, Өрнек ауылдық округінің құрамына 5 елді мекен кіреді. Былайша айтқанда, аудандағы үлкен ауылдық округтердің бірі. Осы күнге дейін өзекті болып келген аталмыш ауылдық округке қарасты Жарлысу ауылындағы ауыз су мәселесі түбегейлі шешімін тапты десек болады. Одан өзге де ауылдық округке қарасты Әбжапар, Сәлімбай, Сұмқайты ауылдарына да жіті көңіл бөлініп, ауыл тұрғындары көтерген мәселелер рет-ретімен шешімін табуда. Бұл жиында да Өрнек ауылдық округінің тұрғындары біраз мәселелерді сөз етті. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы қойылған әрбір сұраққа жан-жақты талдау жасап, нақты көрсеткіштерді алға тартып, жауап беріп отырды.
Жиында Өрнек ауылына мәдениет үйін салу және денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Бұл сұрақтардың барлығы хаттамаға түсіріліп, тиісті жауаптар сол арада тұрғындарға айтылды.
Марат ДИХАНБАЙ.