МЕКТЕПТЕГІ “РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ” КАБИНЕТІ
МЕКТЕПТЕГІ “РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ” КАБИНЕТІ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы көпшілікке көп ой салып, ой-сананың жаңғыруына түрткі болды. Адамдар өздерінің болашағын рухани жаңғыруымызбен байланыстыра бастады. Оның жарқын мысалын Мэльс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің кіші залынан ашылған «Рухани жаңғыру» кабинетінен көруге болады. Қазір онда теориялық-саяси, әлеуметтік-тұрмыстық, патриоттық тағы басқа тақырыптарға арналған басқосулар, конференциялар, дөңгелек үстелдар, брифингтер өткізіліп тұрады.
Осынау үрдісті білім мекемелері де қаперіне алып, мектептерден осындай заман талабына сай кабинеттер аша бастады. Жақында осындай «Рухани жаңғыру» кабинеті Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте ашылды. Қазір онда осы тақырыбымызға мазмұндас сабақтар, тренингтер, семинарлар өткізіліп тұрады. Мектеп дирекциясы кабинетті жабдықтауға кәсіпкерлерді тартты. Мәселен, аудандық мәслихаттың депутаты, Құлан мал дәрігері мекемесінің басшысы С. Дәлібаев осы кабинетті жөнге келтіріп қана қоймай, мектептің кем-кетігіне де едәуір қаржы беріп, демеушілік көрсетті. Соның арқасында қазір кабинет (суретте) тиянақты жұмыс істеп тұр.
Т.ДОСБЕМБЕТОВ