Жұртты жарылқаған жәрмеңке

16 Views

Өткен сенбіде аудан тұрғындарына алдын ала хабардар етілгендей, орталық алаңда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

 Жәрмеңкеде ет, картоп, пияз, сәбіз, макарон өнімдері, сүт, айран, қымыз, шұбат, бал, лимон, қауын, қарбыз және асқабақ базар бағамынан төмен мөлшерде саудаланды. Аудан әкімдігінің тікелей бастамасымен ұйымдастырылған ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне таң алагеуімнен тұрғындар ағыла келіп, саудаға шыққан өнімдерді сатып алып жатты. Тұрғындардың басым көпшілігі жәрмеңкенің дер кезінде ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдірді. Айта кетейік, дәл осындай ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы уақытта да аудан орталығында ұйымдастырылатын болады.

М.Диханбай.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий