Республикалық маңызы бар автожол жиегі тазаланды
Жақында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы road-эстафета біздің ауданда жалғасын тапты. Экоакция «Чемпиондық рух» жобасымен басталып, жастар елімізге белгілі қол күрес шебері Виталий Трубинмен бірге спорттық жаттығулар жасады.
Сонымен қатар республикалық маңызы бар Құлан–Тараз бағытындағы жол бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Қолайсыз ауа райына қарамастан, жастар мен еріктілер белсенділік танытты. Сондай-ақ, Ақыртөбе ауылдық округінде мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров пен «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов тұрғындар көтерген сауалдарға жауап берді. Айта кетейік, акция өзге аудандарда да жалғасын таппақ. Бұл бастама қоғамды тазалыққа жұмылдырып қана қоймай, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
«Құлан медиа» ақпарат.
