Кітап оқып, қомақты қаражат ұтып алды

131 Views

Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақбайұлы Қарашөкеевтің бастамасымен және Жамбыл облысы білім басқармасының қолдауымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» атты жобасы аясында, Жамбыл облысы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен өткізілген  «Ой шебері» зияткерлік ойыны өз мәресіне жетті. Жобаны ұйымдастырудағы мақсат – оқушыларды  кітапқа деген қызығушылығын арттыру және оны насихаттау.

Қаңтар айында басталған бұл жобаға облыстан 350  команда қатысып, финалға  ең мықты 11 топ жолдама алған болатын.  Осы орайда зияткерлік ойынға Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан тірек мектеп гимназиясы аудандық іріктеу байқауында жүлделі бірінші орынға ие болып, 500000 теңгелік сертификтқа ие болып, облыстық гранд финал жобасы байқауына  жолдама ұтып алған еді.

Облыстық шара  қыркүйек айының 24-25-ші жұлдызында Жамбыл облыстық «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында өтті. Тартысты бәсекеге толы байқауда «Көшпенділер», «Абай жолы», «Аққан жұлдыз», «Оян қазақ» сынды 30-ға жуық кітап оқылып, қазақтың тарихын, мәдениетін, ұлттық құндылықтарын танып білгенін айтады. Қатысушылар байқаудан кейін кітапқа деген қызығушылықтары артқанын айтты. Оқылған кітаптардан сұрақтар мен тапсырмалар орындаған. Оқушылар осы уақытқа дейін оқыған кітап жарыс нәтижесі бойынша Құлан тірек мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәурен Тұрбектің жетекшілігімен Ерзат  Мырзабек 10 сынып, Ақерке Абубакир 11 сынып,  Аяжан Джалгасбаева 11 сынып, Жәния Ербосын  10 сынып оқушылары жүлделі ІІ орынға ие болып, облыс әкімінің орынбасары Календеров Нұржан Сәбитұлы мен облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қызылқұлова Ләззат Әбілдақызының қолынан 1.800000 теңгелік қомақты сыйлығымен марапатталды.  Жарысқа қатысушылар облыс әкімі Ербол Шырақбайұлы мен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Дастан  Исламбекке үлкен алғыстарын айтады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: