Қарттарын қадірлеген ел ардақты

308 Views

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов Луговой ауылының қадірлі тұрғыны, айналасына сыйлы қария Қаражан Байкеевтің шаңырағына арнайы барып, ақ батасын алып қайтты.

Жастайынан маңдай терімен еңбек етіп, теміржол саласында табан аудармай 40 жыл қызмет еткен қаражан қария зейнетке шыққаннан кейін ата кәсіп саналатын жылқы шаруашылығын өзіне серік еткен. Бұл істі бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан Қаражан ақсақал – нағыз еңбек адамы. 85 жасқа келген ауыл ақсақалы қымыз және ет өндірісін жолға қойып, тіршіліктің түтінін түтетіп келеді. Ардақты ана, өмірлік серігі Сағымкүл әжей екеуі алты перзент тәрбиелеп, бүгінде 17 немере, 1 шөбере сүйіп отырған өнегелі отбасы. Осындай қарапайым да қадірлі жандардың үйіне бас сұғып, ақ тілектерін арнаған аудан басшылығы қарияларға шын жүректен алғыстарын білдіріп, ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.

 Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой: