Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Сәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркепов аудан аумағында алдағы уақытта жүзеге асырылатын бірқатар маңызды жобалардың бастамашыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жобалардың қазіргі жай-күйі мен болашақтағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.
Қазіргі таңда «Бай Алғабас» шаруа қожалығы 300 бас ірі қара және 1000 бас ұсақ малға арналған мал бордақылау алаңының құрылысын жүргізуде.
«NEO MILK» ЖШС 5000 биеге арналған саумал өндіру жобасын жүзеге асыруда. Жобаның келесі кезеңінде 15 000 ірі қара малға арналған бордақылау алаңы мен халықаралық талаптарға сай ет өңдеу кешенін іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар ЖК «Мухиев Е.» тарапынан құны 4,2 млрд. теңге болатын заманауи кірпіш зауытын салу көзделуде. Зауытты 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланған.
Аталған жобалар аудан экономикасының дамуына, өндірістік әлеуеттің артуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына өз септігін тигізетін болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.