Құрылыс нысандарын аралады
Жақында ауданға облыс әкімінің орынбасары Алтай Сембекұлы жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында ол аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан негізгі инфрақұрылымдық жобалардың қазіргі жағдайымен танысып, бірқатар нысандарды аралады.
Құрылыс алаңдарында мердігер мекемелердің жұмысы сараланып, нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, алдағы кезеңде атқарылуы тиіс негізгі міндеттер мен бағыттар нақтыланды.
«Құлан медиа» ақпарат.
