Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
52 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Жамбыл өңірінде ақ жаулықты әжелердің «Ақ әжемнің ертегілері» жобасын сәтті ұйымдастырып жатқанынан баршамыз хабардармыз.
Аталмыш жобаның жаңа деңгейі – сол ертегілерді оқытудың әдіс тәсілдері бойынша аудан ішілік шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Ол жақында ғана «Балдырған» бөбекжай-бақшасында «Ертегі – балалар болашағымның ертеңі» тақырыбымен өтті. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Селбайқызының ұйытқы болуымен іс-шараға аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, ассамблея директоры Серік Өтегенов, білім бөлімінің бас маманы Назым Садықбекова, Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының мәдени ұйымдастырушысы Гүлгаухар Бүркітбаева және ауданның ардақты аналары қонақ болып қатысып, шеберлік сағатында өз ойларын ортаға салды. Іс-шараның басы балабақша тәрбиешілері дайындаған сахналық көрініспен басталды. Онда кішкентай бүлдіршіндер қазақтың ұлттық аспаптарынан құралған оркестрдің рөлінде қазақы салтанатты киіммен ұлттық аспаптарды қолдарына алып,«Ата толғау» күйін тыңдады. Қазақ күйлерін бала кезден құлағына сіңіріп өскен бүлдіршіндер бүгінде бірнешеуін танып-білген жайы бар. Одан кейін «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Жеті лақ» ертегілері жаңа форматта сахналанды. Онда үлкен топтың балалары мен тәрбиешілері барынша үйлесіммен әр қимыл мен әрекетті сахналап, тыңдаушысын қызықтыруға тырысты. Сондай-ақ, шеберлік сағатына арнайы дайындалған «Ертегі – рухани қазына» көрмесі де келген қонақтар назарына таныстырылды.
Бақыт Мырзалиева,
аудандық аналар кеңесінің мүшесі.