Заманауи кітапхана – мәдени серпіліс алаңы

25 Views

Бүгінгі кітапхана – жай ғана кітап сөрелері тұрған орын емес, ол – мәдени бастамалар мен қоғамдық жобалардың орталығы екенін түсінуіміз керек. Мұнда әдеби кездесулер, рухани кештер мен шығармашылық байқаулар өтеді. Солардың көбісіне өзім де қатысып, жазып жүрмін.
Бүгінде Тұрар Рысқұлов аудандық орталық­тан­дырылған кітапханалар жүйесі жаңаша серпінмен да­му­да. Мұнда оқырманға қызмет көр­сету сапасы артып, кітап қорын цифр­лан­дыру, интерактивті іс-шаралар ұйым­дас­тыру секілді жобалар жүзеге асырылып келеді.
Қазіргі таңда орталықтандырылған кітап­ханалар жүйесі бойынша 1 аудан­дық, 4 ауылдық балалар, 26 ауылдық, барлығы 31 ауылдық кітапхана заман талабына сай жұмыс жүргізіп келеді. 2012 жылдан бері «РАБИС» бағдарламасы бойынша жұмыс атқарылып, оқырмандардың талап-тілегіне сай қызмет көрсетілуде. Сонымен қатар 15 ауылдық кітап­ханада цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылып, www.egov kz электронды порталы арқылы анық­­­та­маның 23 түрі беріледі.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйе­сі бойынша кітап қоры 234 194 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кі­тап саны 163 121 дананы құрайды. Бүгінгі таңда кітапханалар жүйесінің 23000 тұрақты оқырманы бар. Жыл сайын ауылдық кітапханаларды қоса алғанда 1800 дейін іс-шаралар өткі­зіліп тұрады. Атап айтар болсақ, «Буккроссинг», «Кітаппен кофе», «Әдеби кештер», «Кітап фестивалі» – осының бәрі кітап пен оқырман ара­сын­дағы байланысты жаңа деңгейге көтерді. Бұл істердің артында өз мамандығына шын берілген, ізденімпаз кітапханашылар тұр. Мұның барлығы да сайып келгенде, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра түсуге өз септігін тигізері анық.

Марат ДИХАНБАЙ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий