Мамай мен Сөгетіге таза ауыз су келді
55 ViewsӨткен жұмада Қайыңды ауылдық округіне қарасты Сөгеті және Мамай ауылдарының тұрғындары үшін тарихи күн болды. Олай деуге толықтай негіз бар. Себебі талай жылдан бері…
«Құлан-Дән» кредиттік серіктестігі құрылтайшыларының кезектен тыс жалпы жиналысы 12.11.2025 жылы сағат 11.00-де Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №90А «Құлан-Дән» кредиттік серіктестігінің ғимаратында ZOOM және WHATSAPP арқылы онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз.
Күн тәртібінде:
1.«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан берілетін несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 25%, серіктестіктен қарыз алушылар үшін жылдығы 29% болып бекітілуіне байланысты, Корпорация мен «Құлан-Дән» кредиттік серіктестігі арасындағы №321-ЖФ-КТ6 санды 19.04.2016 жылғы несие желісін ашу туралы негіздемелік келісімдегі сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өзгерту мақсатында қосымша келісім жасау туралы.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің ұлғаюына байланысты, серіктестіктің бос қаражаты есебінен берілетін «Қолдау» бағдарламасының жылдық сыйақы мөлшерлемесін 10 % -дан 15%-ға көтеріп бекіту туралы.
3. Серіктестіктің Басқарма мүшелерінің құрамын өзгерту туралы.
4. «Құлан-Дән» кредиттік серіктестігінің несиелендіру жүйесіндегі соңғы Ішкі нормативтік ережелеріне (ВНД) өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуіне сәйкес талқылап бекіту.
«Құлан -Дән» кредиттік
серіктестігінің
Басқармасы.