Мамай мен Сөгетіге таза ауыз су келді

55 Views

Өткен жұмада Қайыңды ауылдық округіне қарасты Сөгеті және Мамай ауылдарының тұрғындары үшін тарихи күн болды. Олай деуге толықтай негіз бар. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген ауыз су мәселесі өз шешімін тауып, ауыл тұрғындары таза тіршілік нәріне қол жеткізді.

Жалпы  құны  1 миллиард теңге­ге жуық болатын қос жоба мемле­кеттік бюджет есебінен қаржы­лан­ды­рылып, құрылыс жұмыстарын «ТемірСтройСервис и Ко» және «Пырақ-Құрылыс» ЖШС-і атқарды.

Ашылу салтанатына арнайы қатыс­қан аудан әкімі Ернар Есіркепов бұл жобалардың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасымен  2025 жылдың соңына дейін елдімекендерді  толық ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқанын атап өтті.

Бұған дейін тіршілік нәрін көше басынан тасып ішіп келген тұр­ғын­дар енді үйлерінен-ақ таза суды пайдалана алады. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары жаңа игіліктің іске қосылғанына дән риза болып, ел игі­лігі үшін еңбек еткен азаматтарға ақ бата­сын берді.

Айта кету керек, соңғы үш жылда аудан аумағындағы ондаған елдімекен ауыз сумен қамтылса, жыл соңына дейін тағы үш нысан – Шөңгер, Құлан және Р.Сәбденов ауылдарындағы су имараттары іске қосылмақ. Осылайша Мемлекет басшысының тұрғындарды таза ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасы аудан аумағында толық  орындалмақ.

 Жәнібек Базылбек.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий