Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
ҚР 2012 жылғы 16 ақпанындағы №561- IV« Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының, ҚР Президентінің 2024 жылдың ақпанындағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерін запасқа шығару және ҚР азаматтарын 2025 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек- желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырындағы №620 «ҚР азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысын және ҚР Қорғаныс министрінің 2024 жылғы наурыздағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР азаматтарын 2025 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек- желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» бұйрығына және Т.Рысқұлов ауданы әкімінің 2025 жылғы 27 ақпанындағы №40 «2025 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы аумағында ҚР Қарулы күштерінде және басқа әскерлері әскери құрылымдарына 2025 жылдың күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны қыркүйек- желтоқсан айлары аралығында өткізіледі.
Оған 18 жасқа толған, 2007 жылы туған, сондай-ақ, әртүрлі себептермен мерзімді әскери қызметке шақырылмаған және шақыру мерзімі ұзартылмаған 1998-2007 жылдар аралығында туған ер азаматтар шақырылады. Қазіргі таңда 18-ге толған ер азаматқа автоматты түрде, көктемгі, күзгі шақырту бойынша ұялы байланыс телефонына смс хабарлама келеді. Сол смс хабарламаға мән бермей, бөлімдерге бармаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық бабы бар. Әскери қызметке шақыруға уақтылы келмеген немесе шақыру комиссиясына келуден жалтарған ер азаматтар заң жүзінде жауапқа тартылады. Егер ер азаматтар өз еркімен әскери парызын өтеуге баратын болса, оларға жақсы мүмкіндіктер қарастырылған. Жоғары оқу орындарынан грант та қарастырылған. Бұл жастардың мерзімді әскери қызмет өткеруге уәждемесін арттыруға бағытталған шешім болып табылады. 6 ай әскери қызметін өтеген соң сол жерде қызметке қалуға болады. Қазіргі уақытта міндетті әскери борышын өтегеннен кейін екі жыл бойы білім алуға жеңілдіктер қарастырылған. Әскерге шақырылушыларға жеңілдіктер тізбегі әлі де кеңейе бермек.
Анар Дүйсенбекова,
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметке шақыру жөніндегі инспекторы.