Абдалы Нұралиев ауданымызға жұмыс сапарымен келді

96 Views

Өткен аптада ауданымызға облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев жұмыс сапарымен келді. Абдалы Тоқбергенұлы өзінің жұмыс сапарын Ақыртөбе ауылындағы «Хамза» шаруа қожалығынан бастады.Қожалық қазіргі таңда мал шаруашылығын тиімді дамыту арқылы айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп келеді. Бұдан кейін облыстық мәслихат төрағасы «Ақтоған» шаруа қожалығының да мал бордақылау алаңында болып, қожалықтың жұмысымен танысты. «Ақтоған» –ауданымыздағы іргелі қожалықтың бірі ретінде көпшілікке танымал.
Сапар барысында Абдалы Тоқбергенұлы Құмарық ауылдық округінің зиялы қауым өкілдерімен де кездесіп, онда округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында тұрғындар ауылдағы инфрақұрылымды жақсарту, жол жөндеу, ауыз су мәселесін шешу және ауыл шаруашылығын қолдау бағытында өз ұсыныстарын жеткізді. Одан кейін Абдалы Нұралиев аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен өткен кеңейтілген жиынға қатысты. Жиында жұмыс сапары аясында көтерілген барлық мәселелердің шешу жолдары қаралды.

«Құлан медиа» ақпарат. 

Поделиться ссылкой: