Пробация қызметінің есебіндегі азаматтар арасында спорттық іс-шара
«Komek.Demeu.kz» қоғамдық қоры «Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және түсіндірме жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Жобаның негізгі мақсаты – пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету, сондай-ақ оларды қоғамға тиімді түрде қайта бейімдеу.
Жоба аясында пробация қызметінің есебіндегі азаматтар мен азаматшалар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шара тек қана салауатты өмір салтын насихаттауға ғана емес, сонымен қатар, қатысушылар арасында өзара байланыс пен сенімділік орнатуға, оларды қоғамдық өмірге тартуға бағытталды. Іс-шара барысында футболға белсене қатысты. Командалық белсенділігі мен ынтасы жоғары деңгейде болды. Мұндай форматтағы іс шаралардың маңызы зор, себебі олар азаматтардың бойындағы сенімділікті арттырып, қоғамға кері оралудың оңтайлы жолдарын көрсете алады.
Шара соңында жеңімпаз командалар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұруын қолдайтындарын жеткізді.
«Komek.Demeu.kz» қоғамдық
қорының Президенті Н.Юлдашева
