Ауданда ауылшаруашылығы  саласын қолдауға бағытталған кеңейтілген жиын өтті

275 Views

Жақында облыс әкімінің орынбасары Ә.Ғ.Тамабектің тапсырмасына сәйкес, ауданда ауылшаруашылығы саласына мемлекеттік және қаржылық қолдау тетіктерін кеңінен түсіндіруге арналған ақпараттық жиын ұйымдастырылды.

Жиынға облыстық ауылша­руа­шылығы басқарма басшысының орын­басары Болат Сағымбеков пен аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов қатысты. Кездесу барысында шаруаларға арналған субсидиялау механизмдері, ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту, мал және өсімдік шаруашылығын қаржыландыру бағдарламалары, сондай-ақ, жаңа мау­сым­дағы мемлекеттік қолдау бағыт­­тары жан-жақты түсіндірілді. Жиын барысында жұмыс тобы егжей-тег­жей­лі ақпарат беріп, шаруалардың сұрақ­тарына жауап берді. Сонымен қатар саладағы өзекті мәселелер де талқыланды. Кездесу соңында көте­рілген ұсыныстар мен сұрақтар бойын­ша тиісті түсіндірмелер беріліп, қажетті ақпараттар жинақталды. Айта кетейік, аталмыш бағыттағы жиындар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

 «Құлан медиа»  ақпарат.

Поделиться ссылкой: