Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңының 34 бабында лицензияларды, рұқсаттарды және арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулер.
1.Борышкер:
– жеке тұлғадан екі жүз елу айлық есептік көрсетіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
– заңды тұлғадан бір мың екі жүз айлық есептік көрсетіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
– мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжатты дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда – сот орындаушы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ, борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді. Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі.
3.Сот орындаушысы атқарушылық құжат талаптары орындалған немесе лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеудің күшін жоюға негіздер туындаған күннен кешіктірмей осы шектеуді алып тастау туралы қаулы шығарады. Көрсетілген қаулының көшірмелері борышкерге, өндіріп алушыға және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға дереу жіберіледі.
М. Маратбек,
Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы —
аға сот орындаушысы.