Пиротехника – бұл балалардың ойыншығы емес…

62 Views

  Жаңа жыл  әр адамның өміріндегі ең маңызды отбасылық мереке. Ол әрқашанда көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ең жақсы жылы лебіздер айтылатын мереке. Сонымен қатар бұл мерекені салюттар мен отшашуларсыз елестету мүмкін емес. Оларды да қауіпсіз қолдану туралы әрбір адам білуі тиіс. Пиротехникалық заттар әуелден адамдарға жақсы көңілді-күй сыйлауға арналған. Отшашулар, салюттер және басқа да пиротехникалық өнім­дер бұрыннан мерекелік тамаша әсер алу үшін қолданылады. Ал оны дұрыс пайдаланбаса қауіпті болуы мүмкін.  Сондықтан дене күйіктерін, жарақаттар, өрттер және басқа да келеңсіз төтенше жағдайларды болдырмау үшін пиротехникалық өнімдерді қолданған кезде төмендегі ережелерді сақтаған жөн.

– Отшашуларды, салюттерді, тағы да басқа пиротехникалық өнімдерді тек арнайы дүкендерден сатып алыңыздар, оларды қолдан немесе базардан сатып алуға болмайды, себебі ол жерлерде сатылатын пиротехникалық өнімдер заңсыз әкелінген болып шығуы мүмкін. Отшашулар мен салюттерді тұрғын үйлердің немесе тез жанғыш заттардың қасында 20 метрден жақын жерлерде, төмен бастырмалар мен өсіп тұрған ағаштардың астында қолдануға болмайды.

– Отшашуларды жаққан кезде білтесін бетке жақын ұстауға болмайды.

– Отшашудың білтесін созылған қол қашықтығында жағу керек. Ол 6-8 секундта жанады. Отшашудан ұшқан от ұшқындарын өшіру қиын, сондықтан егер ол қолға тисе, міндетті түрде тері күйіп қалады.

– Ракеталар мен отшашуларды адам­дарға қарай атуға болмайды. Ракета – бұл қауіптілігі жоғары пиротехникалық бұйым. Кейде қардың үстіне орнатылған ракета бір жағына ауып кетіп, бағытын өзгертіп, адамдарға қарай ұшуы мүмкін. Сондықтан ракета сияқты пиротехникалық өнімдерді қолданғанда, олардың іске қосатын түтіктерінің жерге нық орнатылуын байқау қажет.

– Отшашулар мен салюттерді қатты жел кезінде қолдануға болмайды.

– Балаларға пиротехникалық зат­тар­мен ойнауға тыйым салу ке­рек. Пиротехникалық заттар – бұл бала­лардың ойыншығы емес.

– Пиротехникалық заттарды аяқтың астына құлатып алуға немесе әдейі тастауға мүлдем болмайды.

– Отшашуларды (бенгалдық шамдар мен шартылдақтардан басқа)  қолда ұстап тұрып жағуға болмайды.

 – Жағылған салюттер мен отшашу­ларға олардың қолдану әдісінде көрсе­тілген қауіпсіз қашықтықтан жақын­дауға болмайды.

– Пиротехникалық заттарды қалтаға салып жүруге болмайды.

– Отшашудың үстіне еңкеюге болмайды.

– Әрбір пиротехникалық бұйымда оның қолдану әдісі туралы нұсқаулық жазылады. Сол нұсқаулықты мұқият оқып шығу үшін бір-екі минут уақыты­ңызды бөліңіз. Бұл Сізді пиро­техникалық затты қолданғанда қате іс-қимылдан сақтайды.

Есте сақтаңыздар!  Пиротехникалық заттарды қолданған кезде кездейсоқ бақытсыз жағдайлардың көбісі жауап­кершіліксіз, жіті ойламаушылықтың салдарынан болады. Өздеріңізді, жақын­­дарыңыз бен айналадағы адамда­ры­ңыздың денсаулығы мен өмірін сақта­ңыздар!

 Өрт немесе басқа да төтенше жағдай­лар кезінде «101», «112» телефондарына  хабарласыңыздар.                                                                                                               

Б. Кездікбаев,

аудандық  Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы.

Поделиться ссылкой: