Әр адам құқықтық жауапкершілікті түсінген жөн

172 Views

Әр адам құқықтық жауапкершілікті түсінген жөн

Осы аптада аймақ  кітапханашыларының  ұйымдастыруымен  Бауыржан Момышұлы  атындағы  орта мектебінің акт залында  «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Менің құқығым бар» атты пікір алаңы өтті.

Іс-шараға  аудандық  отбасын  қолдау  орталығының психологы, Тұрар Рысқұлов АПБ ҚҚб ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты,Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің  учаскелік полиция инспекторы, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің психолог маманы, Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, жеке сот орындаушылары, әскери полиция қызметкерлері және 10-11 сынып оқушылары шақырылды.  Кітапханашы Ғ.Алимова заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі, жасөспірімдердің құқықтық сауатты­лы­ғын арттырудың маңызы туралы баяндама жасады.

Пікір алаңы барысында спикерлер Тұрар Рысқұлов АПБ  ҚҚб ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Мейіржан Ержанұлы жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар, олардың заң алдындағы жауапкершілігі және алдын алу шаралары туралы түсіндірді. Одан өзге Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің  учаскелік полиция инспекторы Ернұр Асқарұлы заң, жасөспірімдердің құқықтары туралы айтып өтті. Аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры  Айгүл Алдабергенқызы жасөспірімнің отбасындағы негізгі құқықтары қандай және отбасындағы тәрбие, баланың құқығын қорғау және қиын жағдайдағы отбасыларға көрсетілетін көмектер туралы баяндады.  Психолог маман Лаура  Сұлтанқызы жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, құқық бұзылған жағдайда психологиялық көмекке жүгінудің маңызы туралы кеңінен сөз қозғады.

 Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сәуле Серікқалиқызы құқықтық тәртіпті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, жастармен жүргізілетін бағдарламалар туралы мәлімет берді. Жаңатұрмыс ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Азимжанова «Заң мен тәртіп: оқырман таңдауы» атты тақырыптық сөреге шолу жасады.  Іс-шара соңында жасөспірімдер мен қатысушылар өз ойларын білдірді.

 Ғалия Алимова,

Қарақыстақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Поделиться ссылкой: