ЖАСТАР ЖЫЛЫ –  жаңа бастамалар жылы

962 Views

ЖАСТАР ЖЫЛЫ –  жаңа бастамалар жылы

Қазақстан қоғамында қазіргі кезде бұрынғы ұрпақтардан айтарлықтай өзгеше, жаңа бағдар ұстанған, құндылық ұстанымдары ұтымды экономикалық іс-қимылдар арқылы табысқа жетуге бағытталған мүлдем жаңа зияткерлік жастар табы қалыптасты. Соған байланысты өзінің республика жастарымен көптеген кездесулерінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», – деп жиі ескертеді. Сонымен қатар, «Жас ұрпаққа қамқорлық, оның қазіргі өмірі мен болашағы үшін қам жеу қашанда менің саясатымның басты мағынасы болған. Әрбір жас қазақстандықтың жақсы білім алатын, отбасын құратын, жеке тұрғын пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар» деген болатын. Елбасы Астана қаласында өткен Жастар жылының басталуы шарасында да жастар алдына таяу болашаққа қатысты айқын да түсінікті міндеттер қойып, ойларымен бөлісті, ел тағдыры, оның дамып, өзгеріп жатқан әлемдегі орны жайында баяндады. Оған қоса, бұл міндеттердің жастарымыздың өмірде де, еңбекте де дұрыс шешімдер қабылдауы үшін көмегі тиетініне сенім білдірді. Жастарды мұқият тыңдап, олар көтерген тың жобалар мен идеяларға қызығушылық танытты.Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында қазір түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылуда, соның ішінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу барысында жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеудің тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, іске қосылды.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, біз өз Отанымыз – тәуелсіз Қазақ елі мен оның байырғы халқы – қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек. Бұл «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының тікелей жалғасы болып табылады. Жастардың осы бағытта айтарлықтай жұмыс атқаруына аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы ретінде өз үлесімді қосқым келеді. Сондықтан, біз – төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысуға және осы жолда аянбай еңбек етуге дайынбыз!

Ақерке ЖАЙЛЫБАЕВА,

аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Поделиться ссылкой: