Ұстазға құрмет – ұрпаққа міндет
Құлан агротехникалық
жоғары колледжінде ұстаздар
еңбегін дәріптеуге, педагог
мәртебесін көтеруге және білім
алушылардың ұстазға деген
құрмет сезімін қалыптастыруға
бағытталған «Ұстазға құрмет –
ұрпаққа міндет» тақырыбында
мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шара барысында ұстаздық мамандықтың қадір-қасиеті,
ұстаз еңбегінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы кеңінен насихатталды.
Студенттер ұстаздарға деген ыстық ықыласы мен алғыстарын өнер
арқылы жеткізіп, арнайы дайындалған сахналық қойылымдарын
ұсынды. Сонымен қатар ұстаздарға
арналған әсем әндер шырқалып,
мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Шара барысында колледждің білім
беру мен тәрбие жұмысына елеулі
үлес қосып жүрген ұстаздарға құрмет
көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Сонымен қатар Еңбек күніне орай,
колледждің қоғамдық және еңбек
қызметіне белсене араласып, өз
міндеттерін жауапкершілікпен атқарып
жүрген бірқатар колледж қызметкерлері
марапатталды. Олардың еңбегі, кәсіби
жауапкершілігі мен колледждің дамуына
қосқан үлесі атап өтіліп, алғыс білдірілді.
Мерекелік іс-шара ұстаз еңбегін бағалау,
адал еңбек пен кәсіби жауапкершілікті
дәріптеу, үлкенге құрмет көрсету және
жас ұрпаққа үлгі боларлық еңбек
құндылықтарын насихаттау бағытында
өрбіп, сол көріністер бәріміздің есімізде
өзіндік әсерімен есте қалды.
Ұлбосын АКИШЕВА,
Құлан агротехникалық жоғары
колледжі директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
