ОТБАСЫ – ұлттың ұясы, тәрбиенің бастауы
0 Views«Менің отбасым – менің мақтанышым» облыстық байқауында Сәрсехановтар отбасы жүлделі III орын иеленді. Отбасы – адамға өмірлік бағыт-бағдар беретін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ұрпақтан-ұрпаққа…
Қазіргі кезде құмар ойын мәселесі қоғамда
жиі айтылып жүр. Бұрын құмар ойын дегенде
көбіміз казиноны елестететін едік. Ал қазір
телефон арқылы бірнеше минуттың ішінде
букмекерлік қосымшаға кіріп, ақша тігуге
болады. Жай қызығушылық болып басталған
нәрсенің уақыт өте келе тәуелділікке айналуы
да мүмкін.
Осындай құмар ойынға тәуелділікті лудомания
деп атайды. Бұл жай ғана көп ойнау емес.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құмар
ойынға тәуелділікті мінез-құлыққа байланысты
тәуелділік бұзылыстарының қатарына жатқызады.
Яғни адам ойынның өзіне зиян келтіріп жатқанын
түсінсе де, оны тоқтату қиынға соғады.
Меніңше лудоманияның ең қауіпті
тұсы – оның бірден байқалмайтынында. Алғашында адам аз ғана
ақша тігеді. Ұтылып қалса, жоғалтқанын қайтарғысы келеді. Ал бір рет
ұтып қалса, тағы да ұтамын деген
сенім пайда болады. Осылайша ойын
біртіндеп әдетке айналады.
Лудоманияның ең үлкен зардаптарының бірі – қаржылық қиындық.
Ақша жетпеген кезде адам қарыз алуы,
несие рәсімдеуі немесе жақындарынан
ақша сұрауы мүмкін. Бірақ оның зияны
тек ақшамен шектелмейді. Құмар ойын
отбасындағы сенімнің жоғалуына, жанжалға, адамның психологиялық
жағдайының нашарлауына да әсер
етеді.
Қазақстанда да бұл мәселеге байланысты нақты шаралар қабылданып жатыр. 2024 жылдан бастап азаматтарға
«eGov Mobile» арқылы өзін құмар
ойындар мен бәс тігуден шектеуге
мүмкіндік берілді. 2024 жылдың қарашасына қарай бұл қызметті 168 мыңнан
астам адам пайдаланған. Бұл көрсеткіштің өзі мәселенің қаншалықты өзекті
екенін көрсетеді.
Қазір құмар ойынның таралуына
интернет пен смартфонның қолжетімділігі де әсер етіп отыр. Бұрын ойын
ойнау үшін арнайы орынға бару қажет
болса, қазір оның бәрі телефонда бар.
Сондықтан әсіресе жастар арасында
құмар ойынды оңай ақша табудың жолы
ретінде қабылдау қаупі жоғары.
Менің ойымша, лудоманиямен
күресте тек тыйым салу жеткіліксіз.
Оның салдары туралы жастарға ертерек
түсіндіру, алдын алу жұмыстарын
жүргізу маңызды. Ал тәуелділік
белгілері байқалған жағдайда адам
оны жасырып жүрмей, өзін ойыннан
шектеуге немесе мамандардан көмек
сұрауға тиіс.
Қорытындылай келе, лудоманияны
жай ғана ойынға әуестік деп қарауға
болмайды. Оның артында қарыз,
отбасылық мәселелер, сенімнің
ж о ғ а л у ы ж ә не а д а м н ы ң ө м і р
сапасының төмендеуі тұруы мүмкін.
Ұ.ТҰТҚЫШБАЕВА,
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ-нің уақытша бос жүрген
жастар және жас отбасылармен
жұмыс жүргізу бөлімінің
маманы.