ҰСТАЗДАРҒА құрмет көрсетілді
0 ViewsСейсенбі күні ауданымызда Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері және білім саласының өкілдері қатысты. Салтанатты шара…
Қазан айының басында елімізде атап өтілетін Ұстаздар күні —
жүрегі жылы, құшағы кең аяулы жандардың кәсіби мерекесі. Дәл
осы айтулы күн қарсаңында Әлихан Бөкейханов атындағы орта
мектептің директоры Дайрабаева Шолпан Еркетайқызының «Облысқа
сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғанын аталмыш білім
ордасының әлеуметтік желідегі инста парақшасынан байқадық.Осы
жағымды жаңалықты өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдік. Айта кетейік,
бұл марапатты облыс әкімі Ербол Шырақбайұлының өзі табыс етті.
Бұл марапат – жай ғана атақ емес, бұл Шолпан Еркетайқызының
көпжылдық ерен еңбегінің, білім шаңырағына деген шексіз адалдығы
мен көреген басшылығының лайықты бағасы. Ұстаздық жолдың
ыстығына күйіп, суығына тоңбай, әрбір шәкірттің жүрегіне білім нәрін
сепкен, ұжымды бір арнаға тоғыстырып, алға сүйреп келе жатқан білікті
жетекшінің бұл жетістігі – бүкіл мектептің ортақ мерейі.
Шолпан Еркетайқызының басшылығымен Әлихан Бөкейханов
атындағы орта мектебі – сапалы білім мен саналы тәрбие ұясына
айналып, талай дарынды түлектерді қанаттандырып ұшырды. Оның
әрбір іске жауапкершілікпен қарауы мен өз кәсібіне деген махаббаты
бүгінгі жас мамандар мен ұстаздар қауымына үлкен өнеге.
Айым НҰРБЕКҚЫЗЫ.