Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
1 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
Жақында Тереңөзек ауылдық мәдениет үйінде «Ақ батамен
өрілген өмір» деген тақырыпта мазмұны ерекше кеш өтті.
Адам жанын ерекше әсерге бөлеген кештің кейіпкері –
«Атадан қалған асыл сөз», «Баталар жинағы» кітаптарын
құрастырушы, атақты Қазыбай ақынның ұлы, ауданның
Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы
Қожайхан Бижанов болды.
Кеш барысында ұлттық құндылықтар төңірегінде, әсіресе, әкенің балаға берер тәрбиесі
жайында сүбелі ойлар айтылды. Есті әндер де орындалып, күй де шертілді. Бұл кешке Қожайхан
Қазыбайұлының сыныптастары, қызмет барысында тілеулес әрі ниеттес болған замандастары
қатысып, жүрекжарды тілектерін де жеткізді. Олардың арасында аудандық Қоғамдық кеңес
төрағасы Бейсенбек Әлпейісов, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов,
аудандық билер кеңесінің төрағасы Серік Сәлімбаев және Жамбыл облысы Қазақстан халқы
Ассамблеясы Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов те
бар.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.