Чемпионға құрмет көрсетті

702 Views

Чемпионға құрмет көрсетті

Балуанның жетістігі: Қарақыстақ ауылының тумасы Әділет Дауланбаев еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әскерилер арасында өткен Олимпиада ойындарында күміс және қола медаль жеңіп алған. Бүкіләлемдік студенттер арасындағы біріншілікте де күміс және қола жүлде еншілеген. Азия ойындарының қола, Азия чемпионатының күміс медаль иегері. Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы. Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы.

Еркін күрестен талай байрақты бәсекелерде еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Әділет Дауланбаевты ұлттық құраманың белді мүшесі деп айта аламыз. Жерлесіміз таяуда Шымкент шаһарында өткен ел чемпионатында 3 мәрте топ жарды. Негізінен, Әділеттің атақтары өте көп. Солай бола тұра, ол өзін ешқашан «биікпін» демейді. Керісінше, қарапайым әрі кішіпейіл болғанды кұп көреді.

 Сейсенбі күні аудан әкімі Асқар Қырықбаев Шымкентте қарсылас шыдатпаған Әділет Дауланбаевты қабылдап, құрмет көрсетті. «Біз сенің мықты балуан екеніңе кәміл сенеміз. Жеңісің құтты болсын.

 Әрқашан сәттілік жолдас болсын. Бұйыртса, Токиодан да олжалы ораласың деп ойлаймын» деді Асқар Санатұлы балуанның кеудесіне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін тағып тұрып. Айта кетейік, 86 келі салмақ дәрежесінде белдескен Әділет Дауланбаев Шымкент бозкілемінде 5 кездесу өткізді. Барлық қарсыластары чемпионнан соқыр ұпай ала алған жоқ. Тіпті, жартылай финалдағы қарсыласы Жігер Закиров 10:0, ал ақтық сында 

 күрескен Азамат Дәулетбеков біздің Әділеттен 11:0 есебімен жеңілді. Сәуір айында өтетін Азия чемпионатында білекті балуанымыз тұғыр биігінен көрінеді деген сенімдеміз.

Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.

Поделиться ссылкой: