Қыс мезгілі жақындады, ал жылыту маусымына дайындық қалай?

20 Views

ҚЫС МЕЗГІЛІНІҢ ЖАҚЫНДАУЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТІК
НЫСАНДАРДАҒЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСЫ МЕН ЖЫЛЫТУ
МАУСЫМЫНЫҢ БАРЫСЫ БАСТЫ
НАЗАРДА. ОСЫҒАН СӘЙКЕС, АУДАН
ӘКІМІ ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ БІРҚАТАР
ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП,
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ ӨТУ
БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.

Атап айтқанда, аудан басшысы №6 мектепгимназиясы, Құлан мектеп-гимназиясы және
Луговой ауылындағы мәдениет үйінде болды.
Сапар барысында нысандардың жылу жүйелерінің
жұмысы, бөлмелердегі температуралық режим
және жылыту маусымына қатысты өзге де
мәселелер назарға алынды.
Аудан әкімі тиісті сала басшыларына жылыту
маусымында ешқандай олқылыққа жол бермей,
әлеуметтік нысандарда қолайлы температураны
сақтауды, жылу жүйелерінің үздіксіз жұмысын
қамтамасыз етуді тапсырды.

«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий