ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ШЕШІМ – МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

4 Views

Заңды күшіне енген сот шешімі – міндетті түрде және
сөзсіз орындалуы тиіс. Себебі сот шешімі орындалуымен
құнды. Орындалмаса оның бағасы да болмайды. Қазақстан
Республикасының азаматтық процестік кодексінің
241-бабында соттың шешімін орындауға жіберу тәртібі
көзделген. Ол барлық мемлекеттік органдарға, ұйымдарға
және азаматтарға қатысты бірдей күшке ие. Ал оны
орындамау заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады.
Орындау тәртібі мен ережелері:
Міндеттілік: Сот актілері мен заңды күшіне енген
шешімдер Республика аумағындағы барлық тұлғалар үшін
міндетті.

Ерікті орындау: Борышкер сот шешімін белгіленген мерзімде өз еркімен орындауы қажет.
Мәжбүрлеу шаралары: Шешім уақытында орындалмаса,
сот орындаушылар арқылы мүжбүрлеп орындатуға
жолданады.
Жауапкершілік: Заңды күшіне енген шешімді немесе
үкімді қасақана орындамау заңбұзушылық болып табылып,
әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
М.МАРАТБЕК,
Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату
аумақтық бөлімі филиалының аға сот орындаушысы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий