НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ!
2 ViewsПоездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теміржол өткелдерінде орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 2026 жылдың 28-ші қазаны мен 27-ші қараша аралығында НЖС-8…
Сот орындаушысының қаулысы атқарушылық іс жүргізу
және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңы.
Осы заңның 47-бабының 2-тармағында көзделген
жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжат орындауға
берілген күннен бастап атқарушылық іс жүргізу мәселелері
бойынша сот орындаушысы қабылдайтын шешімдер
қаулылармен ресімделеді.
Мемлекеттік сот орындаушысы қаулысының күшін жою
аумақтық бөлім басшысының – аға сот орындаушысының
тиісті қаулысымен, оның ішінде сот актісінің, прокурордың
наразылығының немесе қаулысының негізінде жүргізіледі.
Жеке сот орындаушысы қаулысының күшін жоюды
оны шығарған жеке сот орындаушысы не іс жүргізуіне
атқарушылық құжат берілген басқа жеке сот орындаушысы,
оның ішінде сот актісінің, прокурордың наразылығының
немесе қаулысының негізінде жүргізеді.
Осы заңның 48-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында
көзделген жағдайларда сот орындаушысының атқарушылық
құжаттың орындалуын қамтамасыз ету және мәжбүрлеп
орындатудың өзге де шараларын қабылдау жөніндегі
қаулысының күші аумақтық органның қаулысымен жойылуы
мүмкін.