АДАЛДЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ НЕГІЗІ
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның
дамуына кері әсерін тигізіп, мемлекеттік басқару жүйесіне және халықтың
билікке деген сеніміне нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан
жемқорлықтың алдын алу, заңдылық
пен әділдікті қамтамасыз ету – бүгінгі
күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Әрбір мемлекеттік қызметкер өзіне
жүктелген міндеттерді адал атқарып,
қызмет бабын жеке мақсатта пайдаланбауы тиіс. Қызметтік әдепті сақтау, заң талаптарын орындау және
азаматтармен ашық қарым-қатынас
орнату – сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастырудың негізгі
бағыттары.
АДАЛ ҚЫЗМЕТ – МЕМЛЕКЕТКЕ
ДЕГЕН СЕНІМ
Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі табиғи ресурстарды сақтау, орман қорын қорғау және жануарлар дүниесін заңсыз әрекеттерден қорғау бағытында
жұмыс жүргізеді.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында әрбір қызметкердің бойында жоғары жауапкершілік, адалдық және
кәсіби тәртіп болуы қажет. Табиғатты
қорғау саласындағы жұмыстардың
ашық әрі заң аясында жүргізілуі қоршаған ортаны сақтаумен қатар, қоғамның мемлекеттік мекемелерге деген сенімін
арттырады.
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
тек мемлекеттік органдардың ғана
емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Әрбір азамат заңсыз әрекеттерге
бейжай қарамай, адалдық пен әділдік
қағидаттарын ұстануы қажет.
Жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру
әр адамның өз ісіне жауапкершілікпен
қарауынан басталады. Адал еңбек ету,
заңды құрметтеу және қоғамдық мүддені
жеке мүддеден жоғары қою – өркениетті
қоғамның басты құндылықтары.
«Ақыртөбе ормандар және
жануарлар дүниесін қорғау
жөніндегі мекемесі» КММ-сі.
