«Еңбек ерін» ерекше құрметтеймін

718 Views

«Еңбек ерін» ерекше құрметтеймін

Осыдан 8-9 жыл бұрын Астанаға барған бір сапарлы сәт есімнен кетпейді. Бұл 2010 жылдың жазы еді. Астана қаласының туған күні қарсаңында сол кездегі аудан әкімі Абдалы Нұралиевтің (қазіргі Сенат депутаты) қолдауымен тұрарлық 54 қарт ардагер Астана қаласына бір апталық саяхатқа барып қайтқан едік. Жастары тоқсанға таяп, жүріс-тұрыстары қиындаған қарт ардагерлердің дұрыс демалуы мен денсаулығын қадағалап отыру үшін әкімдік өкілі және бір медбике ілесіп барған болатын. Шілденің аптаған ыстығында біздерді Құлан ауылдық округінің әкімі болған (Алик Бектұрсынов) пойызға шығарып салған еді. Астанада «Есіл» ауданының ә к і м ш і л і к қ ы з м е т к е р л е р і к ү т і п алып, жоғары санаттағы қонақ үйге орналастырды. Ардагерлер саяхат кезінде Елорданың зәулім нысандары мен жақсы жерлерін аралады. Алғашқы сапар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайынан бастап, Тәуелсіз Қазақстанның символы «Астана-Бәйтеректі» және «Тәуелсіздік монументін» қызықтады. Сондай-ақ, «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Пирамида», «Думан», «Хан шатыры» ойын-сауық және сауда орталықтарында болып, «Әзірет-Сұлтан» мешітіне де бас сұқты. Еуразия орталығы Астананың әсем келбетімен қатар, қаланың жасыл саябағы мен Есіл өзенінің көпірінен өтіп, жағасында қыдырды.

Ауылға қайтар күні бәрімізді ж е р л е с і м і з , « Ш ә у ш е н » ш а р у а қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаев тамаққа шақырды. Қаладан 25-30 шақырым жерде ет өндіру фазендасында күтті. Ет өңдеу цехтарын аралап келгеннен соң ардагерлерге жақсы, сыйлы күтім жасалды. Сол кезде Сайрамбайдың жүрегі жомарт, адамгершілігі мол, парасатты жан екенін және келешегінің зор екенін сезген едім. Арада сегіз жыл өткеннен кейін Елбасының қолынан Қазақстанның «Еңбек ері» атағын алды.

Өткен жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Сайрамбай «Алтын сарай» мейрамханасында дастархан жайып, қуанышты кездесуін өткізді. Кездесуге шақырылған ардагерлер қатарында мен де бар едім. Кенеттен құттықтау сөз кезегі беріле қалса не айтамын деген ой туды. Алайда, Сайрамбайдың халықпен қуанышты кездесуінде маған сөз кезегі жетпеді. Себебі, халық көп болды. Десек те, «Ештен кеш жақсы» демекші, Сайрамбай туралы қалам тербеуді жөн көрдім. Оның өмір жолы, жасап жатқан жұмысы, еселі еңбегі қандай құрметке болса да лайықты. Менің Еңбек еріне деген құрметім биік, алғысым шексіз.

Райза Шәділбеков, Құлан ауылының

тұрғыны, ауданның Құрметті азаматы.  

Поделиться ссылкой: