Ел дамуына серпін береді

743 Views

 Жолдауға қолдау

Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардың басынан бері халқымыздың тұрақты әрі бай-қуатты өмір сүруі үшін мемлекеттік деңгейде түрлі бағдарламалар қабылданып, еліміздің тұрмыс сапасын арттыру жолында іске асырып келеді. Ел аумағында жасалып жатқан әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы ауқымды жұмыстар мемлекет мәртебесін әлемге әйгілеп, дамыған 30 елінің қатарына қосылуға нық қадам басып келеміз. Қазақстанды алдағы жылдары да үздіксіз дамыту жоспары әзірленіп, межелі жұмыстар жалғасын табуда. Осы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуына, еліміздің өсіп-өркендеуіне басты бағыт – Елбасы Жолдауы болып табылады.

Елбасының халыққа арнаған әрбір дәстүрлі Жолдаулары мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі үшін жасалған стратегиялық құжат екені даусыз. Ал «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты соңғы Жолдауы – ел дамуына жаңа серпін береді. Табыс пен тұрмыс сапасын арттыруды көздейтін Жолдауда халық табысын өсіріп, жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалу қажеттігі айтылды. Ел өміріне жаңа бағдар үстейтін бұл құжаттағы басым бағыттардың ішінде жалақыны өсіруден бөлек, педагогтардың беделін арттыруға баса мән берілді. «Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн» деп Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесін барлық орта мектептерге бірыңғай стандарт ретінде еңгізу жайында тапсырма жүктеді. Сонымен қатар, орта мектептердегі оқушыларды бүгінгі күн талабына сәйкес келетін, сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеуді тапсырды. Ол үшін кәсіби диагностика жүргізу маңыздылығына тоқталды. Бұл бастама барлық білім қызметкерлерінің көңілінен шықты деп білемін. Өйткені, Елбасы айтқандай бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға

 мүмкіндік береді.

Елбасы Жолдауда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, апатты мектептерді мейлінше тез қалыпқа келтіру, үш ауысымда оқитын орта мектептердегі мәселерді шешу, білімді ұрпақ өсіру бағытында тер төгіп жүрген ұстаздарға жағдай жасау жөнінде нақты айтты. Біздің алдымызда ел болып атқарылып жатқан жұмыстарды алдағы уақытта да бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымшылдықпен жалғастыру міндеті тұр.

Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау – баршамыздың парызымыз. Халқымыздың «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген ұлағатын ұстанып, Президент жүктеген міндеттерді ел болып еңсерсек, ұтарымыз көп.

Р.ЖАҢАБЕРДИЕВА,

Болтай батыр атындағы

 орта мектептің директоры.

Поделиться ссылкой: