Игі істің басына – жақсы келер қасына
27 ViewsҚазақта «Игі істің басына – жақсы келер қасына» деген қанатты сөз бар. Ауылымызда қашанда игі бастамаларды қолға алып, көпшіліктің құрмет-қошеметіне ие болып жүрген азаматтар…
Батагөйлер байқауынан олжалы оралды
«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек»
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.
Кеңестік жүйе ұлттық кодымызды өшіріп, тілімізден, дінімізден, қала берді ділімізден айыруға шақ қалды. Басқасын айтпағанда қол жайып сұрай қалсаң, мүдірмей бата берер ақсақалдарымыздың өзі азайып кеткен еді. Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы өлге
німіз тіріліп, өшкеніміз жанса, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында көптеген ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлеріміз қайта жаңғырды. Әлі де тамырымызда бүлкілдеген ұлттық кодты ояту мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі – «Батаменен ел көгерер» атты республикалық батагөйлер байқауы.
Жуырда облыстық ардагерлер Кеңесінің ұйымдастыруымен байқаудың облыстық кезеңі өтті. Барлық аудандар мен Тараз, Шу қалаларының намысын қорғаған 12 ақсақал «Ардагерлер орталығы» ғимаратының мәжіліс залында
бақтарын сынады. Жарысқа қатысқандардың ең үлкені – 87, кішісі – 71 жаста болды.
Халқымызда «Баталы сөз – балаға азық» деген мақал бар. Байқаудың басты мақсаты да сол – рухани түп-тамырымызды насихаттау арқылы кейінгі толқын жастарды бата беруге баулу. Халқымыздың кең тараған дәстүрлеріне байланысты бата беріп, тарихи тұлғалардың баталарын жатқа айтқан ақсақалдар әділ-қазылар тарапынан салт-дәстүрлерімізге қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Облыстың Құрметті азаматы Жандар Кәрібаев, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қайырбек Асанов, ақын Үміт Битенова, ардақты ақсақал Нұрмахан Тілегенов, журналист Сапарғали Әлібаев, құсбегі Жапар Сатылғановтар қазылық еткен байқауда ауданның үкілі үмітін арқалаған Көкдөнен ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Болат Мұхамедкәрімов жүлделі ІІ орынды иеленді. Байқауды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қорытындылап, қатысушыларға сый-құрметін көрсетті.
Төлеген АТАБАЕВ,
Көкдөнен ауылдық
округінің әкімі.