МУЗЕЙГЕ САЯХАТ

433 Views

МУЗЕЙГЕ САЯХАТ

Жуырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жалпыұлттық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының «Алтын адам» кіші жобасын іске асыру мақсатында Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сәуле Көшкінбаеваның ұйымдастыруымен ілкімді шара өтті. Шара мақсаты – өлкетанулық білім маңыздылығының сапасын көтеру, сондай-ақ, оқушыларды туған өлке тарихын зерделеуге ынталандыру.

Осы ретте, Сәуле Көшкінбаеваның ізденімпаздылығын ерекше айтып өткен жөн болар. Оның аудандық тарихи өлкетану  музейінде Ұлы Дала тарихы жайында сөйлеген қадау-қадау сөздері оқушыларға жігер сыйлады. Алдағы уақытта музейге саяхат бұдан кейін де жалғасатын болады. Ілкімді шарада музей директоры Есназар Құрымбаев та қазақ халқының құрылымдық тарихы турасында сүбелі сөздер айтып, іскер әрі бастамашыл мұғалімнің шығармашылық ізденісін жоғары бағалады.

А.ҚАБЫЛБЕКОВА,

Шоқан Уәлиханов атындағы шағын

орталықты орта мектептің қазақ

тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Поделиться ссылкой: