Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Жұмағұловтардың жағдайы жаман емес
Өткен жылы жұмыс күші тапшы өңірлерге ауданымыздан 12 отбасы қоныс аударған. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысына – 5, Павлодар облысына – 2, Шығыс Қазақстан облысына – 4, Қостанай облысына – 1 отбасы бағдарлама бойынша көшкен. Адам санымен айтар болсақ 43 адам ауданымыздан көшіпті. Аталмыш бағдарламаға Құлан, Луговой, Көкдөнен, Құмарық ауылының тұрғындары қатысып, белсенділік танытқан. Солардың бірі – Жұмағұловтар отбасы.
Жұмағұловтар өткен жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан о б л ы с ы , Қ а т о н -Қ а р а ғ а й ауданы, Жұлдыз ауылына қоныс аударған. Үш адамнан тұратын шағын отбасының тірегі Гүлмира Жұмағұлова бұл қадамына еш өкінбейтіндігін айтады. Керісінше, жалақысы аз, күн көрісі төмен таныстарын бағдарлама аясында көшіп келіп, жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстануға шақырады.
«Өткен жылы мен Көкдөнен әкімшілігінде статист маман болып қызмет атқардым. Бір күні біздің әкімдікке ауданнан хат келді. Хатта жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару жайында жазылған екен. Сол кездегі ауыл әкімі Әбдіәшім Ілиясов әкімдік қызметкерлерін жинап, хата айтылған тапсырманы ауыл тұрғындарына насихаттауды өтінді. Бағдарламаның анық-қанығын біліп алғаннан соң, ойыма «осы бағдарламаны өзім неге қолданбасқа?» деген ой келді. Себебі, әкімдікте алатын айлығым отбасымды қамтамасыз етуге жеткіліксіз болатын. Сөйтіп, әбден ойланып, ауыл әкіміне өтініш жасап, бағдарлама аясында көшкім келетінін жеткіздім. Ол кісі мені қолдап, тиісті құжаттарды жинауға көмектесті. Бірер күннен соң Тараз қалас ы н д а ө т к е н ж ә р м е ң к е г е қатысып, жұмыс берушілермен тілдестім. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданы, Жұлдыз ауылындағы Жұлдыз негізгі мектебінің өкілі ұсынған жұмыс көңілімнен шықты» -дейді Көкдөнен ауылының бұрынғы тұрғыны.
Қазіргі таңда Гүлмира Е р к і н б е к қ ы з ы ж о ғ а р ы д а аталған мектепте информатика пәнінен оқушыларға дәріс беріп жүр. Бағдарлама арқылы қ а й т а р ы м с ы з н е с и е м е н баспанаға да қол жеткізіпті. Көршілерінің өзіне деген ықыласы ерекше екендігін а й т қ а н Г ү л м и р а Ж ұ л д ы з ауылының тұрғындары алғаш келген күнен бастап жақсы қарсы алғандарын тілге тиек етті.
« М е н і ң Д и н а ж ә н е Дінмұхамед есімді екі балам бар. Үшеумізді мұнда жақсы қарсы алды десем болады. Сол үшін де Жұлдыз негізгі мектебінің директоры Айгүл Оразқызы Серікбаеваға ерекше алғыс айтқым келеді. Алғашқы күндері өз жақынындай көріп, қуана қарсы алды. Ауылымыз аудан орталығынан 6 шақырым жерде орналасқан. Қысы суық демесеңіз, табиғаты өте керемет. Ауылдың тұмса табиғаты мені таза ауасымен баурап алды десем артық айтқандығым емес. Айтпақшы, менен бөлек Жұлдыз негізгі мектебінде бұрынғы Қарақат ауылының тұрғыны Гүлжан Таңатарова да қызмет атқарады. Жуырда жолдасы да мектепке жұмысқа орналасты. Жалпы алғанда Жамбыл жерінен көшіп келген бізден бөлек бірнеше отбасы бар. Қазіргі таңда барлығымыз жақын араласып тұрамыз»-деп жаңа өміріндегі жаңалықтарымен бөлісіті.
И ә , б а ғ ы т ы а й қ ы н бағдарламаның іске асырылып, н ә т и ж е л і ж ү р г і з і л і п жатқандығына көзіміз жетті. Г ү л м и р а Ж ұ м а ғ ұ л о в а н ы ң сөзінен аталмыш бағдарламаның бірнеше тиімді тұстарын да анық аңғаруға болады. Бұл бір жағынан жұмыссыздардың санын азайтуға септігін тигізсе, екінші жағынан орыстанып бара жатқан солтүстік өңірлерді қазақшаландырудың тиімді тәсілі екендігі сөзсіз.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.