Ұшқыштар батальонында

619 Views

Ұшқыштар батальонында

Луговой ауылы маңындағы аэродромнан кеңес өкіметі кезінде ұшақтар тымбай ұшып жататын. Тегі «МИГ» маркілі атқыштар мінген шамдағай әуе «кемелерінің» дауысы жер жаһанды жарып, кенттіктердің таңғы ұйқысын шәйдай ашушы еді. Қазір авиабазадан қалған оқу-жаттығу алаңы ғана. Дегенмен, ұшқыштар батальоны әлі де болса сол әскери ұшқыштарға қызмет көрсетеді. Осы 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында әскери горнизон басшыларымен байланысқа шығып, әскери қызметтегі әйелдер жайлы сұрадық. Олар туралы жергілікті г а з е т к е м а қ а л а б е р с е к д е г е н ойымызды да жасырмадық.

С о н ы м е н р е д а к ц и я м ы з ғ а қ ы з ғ а л д а қ т а й қ ұ л п ы р ғ а н , үстілерінде әскери формасы бар екі ару кіріп келді. Олардың біреуі әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаушы, қатардағы жауынгер Анаргүл Советқызы Смайылова екен. Өзі Ақтөбедегі педагогикалық училищенің кәсіптік білім беру бөлімінде оқыпты. Жолдасы Мұрат Дәулетиярұлы да әскери қызметші, болғанда да осы батальонның штаб бастығы екен. Анаргүлдің осы ұшқыштар батальонында келісім- шартпен жұмыс істеп жатқанына үш жыл болыпты. Ерлі-зайыпты әскерилердің пейішке баратындай- ақ, жөні бар. Өйткені отбасын жауқазындай үш қызы қуанышқа бөлеп отырса керек.

-Бөліміміздегі медициналық пунктті фельдшер қызымыз Зарина Ерболқызы басқарады. Батальонда барлығы тоғыз қыз-келіншек әскери қызметші, олардың барлығы мен сияқты келісім-шарт негізінде қызмет етеді. Қыз-келіншектер мерекесін құр жібермейміз, оның үстіне ер азаматтарымыз көп қой, қыздарды мейрамымен құттықтауды ұмытпайды. Ұшқыштар бөлімінде қызықты мәдени іс-шаралар үзбей өтіп тұрады. Ал, командалық жаттығулар мен сабақтар қазақ тілінде жүреді. Дегенмен, бәріміз де әскери тәртіпке бағынамыз. Ер азаматтар  сияқты сапта жүру, дене шынықтыру, саяси және әскери дайындықтан тыс қалмаймыз.

О с ы м е й р а м қ а р с а ң ы н д а п р а п о р щ и к т е р , ә п к е л і с і ң л і л і Гүлнәр мен Динара Бүтіноваларды, сержант Гүлжанат Наурызәлиеваны, ефрейторлар Кәмшат Мөленбаева мен Гауһар Байсейітованы, қатардағы ж а у ы н г е р З а й р а Ж ү с і п о в а н ы м е р е к е л е р і м е н ш ы н ж ү р е к т е н құттықтаймын. Олардың Отанға адал қызмет ету жолындағы жастық жігерлеріне, ынтасына, биылғы «Жастар» жылында жаңа жетістіктерге жете берулеріне ниеттеспін.

Анаргүл жанында тұрған сержант Заринаға да «саған да соны тілеймін» дегендей ишара білдірді. Ақыры редакциямызға келген соң Зарина Төлегеновамен де етене жақын танысқанды жөн көрдік. Оның Талдықорғандағы медициналық колледждің фельдшерлік емдеу бөлімін тамамдағалы бері осы бөлімде әскери борышын өтеп жүргеніне үш жыл болыпты. Әлі де тұрмыс құра қоймаған сұңғақ бойлы бойжеткеннің бойынан қазақ қызына тән ұяңдық пен өмірге деген іңкәрлік байқалады. Ол өзінің болашақтағы армандарын да жасырмады. Егер оның осы қызметтегі еңбек өтілі сегіз жылдан асып, жоғары оқу орнына түсетін болса, онда Үкімет оның оқу ақысының тең жартысын төлеуді өз мойнына алады екен. Зарина Төлегенованың білімін одан әрі қарай жетілдіре түсу туралы ойы бізге де ұнады. Біз осынау ару қызды алдағы келе жатқан мерекесімен құттықтай келіп, оның келешекте армандарының орындалатынына сенім білдірдік.

Иә, қазақта тұлпар мініп, жауына қарсы қайрат көрсеткен батыр қыздар аз болмаған. Ұлы Отан соғысы кезінде қан майданда неміс басқыншыларына қарсы оқ атқан Кеңес Одағының Батыры атағын алған Әлия мен Мәншүк, Хиуаздардың ерлігі, желтоқсан оқиғасында еліміздің Тәуелсіздігі үшін күресіп, жанын пида еткен Ләззат Асанова бүгінгі жастарымызға үлгі бола алады. Демек, бүгінгі солдат пагонын иығына тағып, қару асынып жүрген қыздарымыздың кеудесінде де осындай намыс оты бар екенінде дау жоқ. Бұл олардың отансүйгіштігі мен патриотизмі дер едім. Егер барлық қыздарымыздың бойында осындай қасиет болса ғой, шіркін.

Дегенмен, намысты қыздарымызды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

С.ҚОЖЕКЕ, Суретте: қатардағы жауынгер

Анаргүл Смайылова мен сержант Зарина Төлегенова.

Луговой ауылы.

Поделиться ссылкой: