100 жастағы қарт Ана аудан әкіміне осылай бата берді

892 Views

100 жастағы қарт Ана аудан әкіміне осылай бата берді

8 наурыз – Халықаралық Әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов Құлан ауылының тұрғыны, 100 жастағы Ахаева Самрат әжейдің шаңырағына арнайы барып, гүл шоғын табыс етті. Самрат әжеймен еркін отырып сұхбаттасқан аудан басшысы «Біз сізді әрқашан құрметтейміз. Ауырмаңыз. Сіздің ғибратты ғұмырыңыз кейінгі толқын жастарымызға өнеге деп білемін. Немере-шөберелеріңіздің көз қуанышы болып, ортамызда аман-есен жүре беріңіз» деген ақжарма тілегін айтты. Бір ғасырдың көзін көрген қарт әжей аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлының жүрекжарды лебізіне балаша қуанып, шабыттанып қалды.

– Біз қазақ жеріне 1944 жылы келдік. Ол кезде соғыстың жүріп жатқан кезі. Содан не көрмедік қарағым. Қазақ ұлтына айтар алғысым шексіз. Бізден сырт айналып, кемсіткен жоқ. Қайта құшағын жайып, мейірбандық т а н ы т т ы . Т а т у л ы ғ ы м ы з бұзылмасын. Елімізде тек қана тыныштық орнасын. Елбасымыз аман болсын. Біздің ауданымызға әкім болып тағайындалыпсыз.

 Бұл ынтымағы ұлардай ұйып отырған ірегелі аудандардың бірі. Қадамыңыз оң болсын. Ісіңізге береке, еңбегіңізге табыс тілеймін» деді әкіммен өрбіген әңгіме барысында қарт кейуана.

Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.

Поделиться ссылкой: