Көрісу күні мерекесі аталып өтті

2 185 Views


 14 наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. «Жаңа жасыңмен», «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен  жетуіңмен!» деген сынды тілектерін айтып, бір- бірімен көрісіп шығады.

Күні кеше наурыз мерекесінің алғашқы бастауы көрісу күні аудан көлемінде кеңінен тойланды.

 Айта кетер болсақ, Тұрар Рысқұлов ауд а н ы ә к і м д і г і н д е ж ұ м ы с күні «Көрісу күні» шарасымен басталды. Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов ардагерлер мен әкімдік қызметкерлерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

— Наурыз мерекесі – ынтымақ п е н б і рл і кт і ң , д о с т ы қ п е н бауырмалдықтың, көктем мен еңбектің мерекесі. Тамырын т е р е ң н е н т а рт қ а н о с ы н ау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке, — дей келе аудан халқына ыстық лебізі мен отбасыларына амандық, дендеріне саулық, берекелі бірлік пен баянды бақыт тіледі.

Сондай-ақ М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйі көркем өнерпаздары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері ыстық ықыластарын білдіріп, көрісу күнін атап өтті.

СУРЕТТЕ: аудан әкімі Ерболат Садырқұлов пен аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижановтың көрісу күнімен құттықтау сәті.

Нұршат ЕРСАЙЫН.

Поделиться ссылкой: