Шоқ тілді Шона
20 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
ЖАҢАТҰРМЫСТЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ
Өткен аптада Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде волейболдан аудандық турнир өтті. Аталмыш турнир ұзақ жылдар білім саласында қызмет атқарған ұлағатты ұстаз Жақыпбек Әшімәліұлы Әлпейісовты еске алу құрметіне орай ұйымдастырылған болатын. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған турнирдің ашылу салтанатында Жақыпбек Әшімәліұлының бауырлары, ағайын-туыстары, достары мен аяулы жары сөз сөйлеп, оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ардақты ұстаздың еңбегі мен өміріне, жасаған игі істеріне тоқталып, еске алды.
Дүбірлі додаға аудан көлеміндегі 15 округтен бас-аяғы 13 команда қатысып, жарыстың көрігін қыздырды. Жарысқа Әлпейісовтер әулетінің мүшелерінен құралған құрама да қатысты. Ойын барысында командалар іріктелеп, жартылай финалға Құлан, Жаңатұрмыс, Көкдөнен ауылдарынан келген командалар мен «Әлпейісовтер» құрамасы жолдама алды. Тартысқа толы жартылай финалда ІІІ орынды «Әлпейісовтер» мен «Құлан» командалары сарапқа салды. Нәтижесінде жүлделі үшінші орынға құландықтар қол жеткізді.
Көкдөненнен келген волейбол құрамасы мен жаңатұрмыстық команда сыралғы қарсыластар болатын. Аудандағы екі мықты команда бұл жолы да финалда кездесті. Кіл мықтының ішінен кім мықтыны анықтаған финалдық ойында жаңатұрмыстық команда айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ал, көкдөнендіктер екінші орынды місе тұтуға мәжбүр болды.
Марапаттау кезеңінде жеңімпаздарға арнайы кубок пен дипломдар, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, үздік деп танылған ойыншылар да назардан тыс қалмай, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жиын соңына қарай ұлағаты ұстаздың рухына құран бағышталып, үлкен ас берілді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.