ҚОЛА ЖҮЛДЕ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЕНШІСІНДЕ

358 Views

ҚОЛА ЖҮЛДЕ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЕНШІСІНДЕ

Ә л и х а н Б ө к е й х а н атындағы орта мектептің д е н е ш ы н ы қ т ы р у пәнінің мұғалімі Ахмет Молдашевтан тәлім алатын аталмыш білім ошағының оқушылары таяуда Тараз қаласында волейболдан өткен облыстық ұлттық мектеп лигасы ойындарында жүлделі III орынға ие болды. Жалпы жиынтығы 12 команда бақ сынаған жарыста құландық оқушылар өз тобынан дара шығып, көшбасшылардың қатарында болды. Алайда, жартылай финалда оқушыларымыз байзақтық волейболшыларға жол беріп қойды. Үшінші орын үшін болған сайыста Ахмет Молдашевтың шәкірттері Шу ауданының волейболшыларын қапы қалдырып, үздік үштікке енді.

Марат ДИХАНБАЙ.

 

Поделиться ссылкой: