Мейрамханалардың мәзірінде ұлттық тағам неге жоқ?

667 Views

Мейрамханалардың мәзірінде ұлттық тағам неге жоқ?

Бәрімізге белгілі, наурыздың 22 жұлдызында наурыз тойын тойлап, наурыз көже пісіреміз. Наурыз көженің дайындалу әдісі мен ережелері көпшілікке белгілі. Оны білмейтін қазақ жоқ та шығар. Сондықтан, біз оған тоқталмай-ақ, наурыз көженің мәртебесі жайлы сөз қозғағымыз келеді.

Рамазан айында кейбір дәмханаларда құрма тегін таратылады. Сол сияқты, жаңа жыл мерекесіне орай көптеген акциялар жасалып, жеңілдіктер беріледі. Ал Наурызда ше? Менің айтпағым: басқа күндерді былай қойғанда, наурыздың 21-22 күндері дәмханаларда наурыз көже тегін таратылса немесе бір ай көлемінде (наурыз айы) дәмханалардың мәзіріне наурыз көже енгізілсе деймін. Әсіресе, ірі қалаларда бұл і с қ о л ғ а алынса, ш е т елдік т у р и с т е р д е қ а з а қ т ы ң салт-дәстүрінен х а б а р д а р б о л а р е д і . Мәселен, Түркияда кез келген дәмханада шай тегін беріледі дегенді естідік. Ал біздің дәмханаларда наурыз мерекесі қарсаңында наурыз көже ас мәзіріне енсе, қонақжайлығымыз бен дархандығымыздың бір белгісі болар еді. Көптеген отандық мейрамханаларда шет елдің тағамдары тізіліп тұрса да, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, айран секілді ақ өнімдері, яғни ұлттық астарымыз жоқтың қасы. Ұлттық тағам мәртебесінен бөлек, адам денсаулығына да шипа ғой. Кез келген дәмханадан «түрік таңғы асы», өзбек палауы, ұйғырдың лағманы мен бұқтырмасын оңай таба аласыз. Ал қазақтың шұбаты мен қымызын, наурыз көжесін табу екі талай, әрине, арнайы қымызханалар болмаса. Мұның бәрі нені білдіреді? Ұзақ жылдар бойғы тәуелділіктің кесірі ме, әлде ұлттық дәстүрімізді дәріптей алмағанымыз ба? Бір сөзбен айтқанда, ұмытылып кеткен дәстүрімізді жаңғыртар сәт келді. Отандық мейрамханалардың ас мәзіріне ұлттық тағамдарымызды енгізсек, нұр үстіне нұр болар еді. «Ұйғыр асханасы», «Өзбек дәмханасы» секілді, ұлттық астан дәм татырар «Қазақ мейрамханалары» бой көтерсе екен.

Салтанат ҚАРАСАЙ.

Поделиться ссылкой: