Жас кәсіпкерлермен кездесу

1 085 Views

 Е л б а с ы Н ұ р с ұ л т а н Ә б і ш ұ л ы Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп атап, жастарға үлкен үміт артқаны баршамызға мәлім. Әсіресе, мемлекетімізде жас кәсіпкерлерді қолдау негізгі басымдылықтардың біріне айналған. Осы орайда айта кетерлігі, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Жас талап» атты жас кәсіпкерлер мектебі құрылған болатын. Таяуда аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Жас талап»

 кәсіпкерлер мектебінде кездесу өтті.

Жиынға аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Н.Сапарбеков, аудандық жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Р.Балтабаева қатысып, кездесуге жиналған жастармен ашық әңгімелесті. Жиынды жүргізген ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Шәкуәліқызы алдымен жастарды «Жастар жылымен» құттықтай келе, қызметтеріне табыс, еңбектеріне жеміс тіледі. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлерге үлгі болатын, ой саларлық әңгімесімен бөлісті. Ал кәсіпкерлік палатасының

 директоры Нұрлан Сапарбеков жас кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік бағдарламалар мен оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтерге шолу жасады.

Салтанат ҚАРАСАЕВА.

Поделиться ссылкой: