«Құтты мекен» партиялық жобасының іске асырылуы

1 239 Views

 Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде «Ең алдымен үкімет әкімдермен және мәслихаттармен бірігіп, келешегі бар ауылдарды іріктеп, әлеуметтік нысандар мен интернаттар тұрғызу жұмыстарын жүргізу керек» екендігін атап өтіп, «Құтты мекен» партиялық жобасын іске асыруды тапсырды. «Құтты мекен» партиялық жобасының мақсаты – елдің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға партиялық бақылау. 

 Осы орайда, «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы еліміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында өз жұмысын бастады. Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде аудандық мәслихаттың фракция мүшелері Құлан ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Жібек жолы көшесінің құрылыс жұмыстарының сапасын анықтау және облыстық бюджеттен бөлінген 

 қаражаттың тиімді жұмсалуын зерделеу мақсатында, сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекке құжаттардың қабылдану жұмыстарының барысы бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыстарына рейд жұмыстарын жүргізді.

Арай ӘНТАЕВА,

«Нұр Отан» партиясы аудандық

филиалының консультанты.

Поделиться ссылкой: